Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық беруді Жоғарғы сот шешпейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінде Кәрім Мәсімовке қатысты істер Жоғарғы сотқа түспеді. Рақымшылық мәселесін сот шешпейді", - деді Назгүл Рахметуллина Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысынан соң.
Еске салайық, бұған дейін Қаңтар оқиғасына байланысты 18 жылға сотталған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына рақымшылық жасау туралы өтінішхат жолдаған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу