ОПЕК 2021 жылғы сұранысқа қатысты болжамын жариялады

910

Бірқатар елде карантин шараларының ұзартылуы мен АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы салдарынан экономиканың қалыпқа келуі ұзаққа созылуы ықтимал.

ОПЕК 2021 жылғы сұранысқа қатысты болжамын жариялады Фото: reuters.com

ОПЕК 2021 жылғы мұнайға деген сұранысқа қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы ұйымның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Биыл сұраныс көлемі 5,9 миллион баррельге артып, 96,27 миллион баррельге жетуі мүмкін. Бұған дейін бұл көрсеткіштен 100 мың баррельге аз болады деп жарияланған еді. 

ОПЕК мамандарының ойынша, экономикалық белсенділік бірінші жарты жылдықтың аяғында қалыпқа келеді. Осы жылдың алғашқы екі тоқсанында, керісінше, шикізатқа деген сұраныс бұған дейін айтылған көрсеткішке қарағанда аз болуы мүмкін.

Ұйым дерегіне сүйенсек, бірқатар елде карантин шараларының ұзартылуы мен АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы салдарынан экономиканың қалыпқа келуі ұзаққа созылуы ықтимал. Шикізатқа деген сұраныстың артуы өткен жылғы тапшылықты өтей алмайды. Өйткені бірқатар ел алдағы уақытта қозғалысты шектеу режимін ұзартады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу