ОПЕК 2024 жылы мұнайға сұраныстың 2,2 миллион баррельге дейін өсуін болжайды

Мұнай өндірудің негізгі өсімін АҚШ, Канада, Бразилия, Норвегия және Қазақстан елдері қамтамасыз етеді. 

ОПЕК 2024 жылы мұнайға сұраныстың 2,2 миллион баррельге дейін өсуін болжайды Фото: reuters.com

ОПЕК 2024 жылы әлемдік мұнай сұранысының өсу болжамын тәулігіне 2,2 млн баррель (б/с) деңгейінде, яғни тәулігіне 104,36 млн баррельге дейін сақтап қалды. Сонымен қатар, 2025 жылы сұраныс тәулігіне 1,8 млн баррельге дейін артып, тәулігіне 106,21 млн баррельге жетеді деп күтілуде. Бұл туралы ОПЕК-тің ай сайынғы есебінде айтылған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

ОПЕК-тің бағалауы бойынша, ЭЫДҰ елдеріндегі сұраныс 2024 жылы тәулігіне небәрі 0,3 миллион баррельге, ал ЭЫДҰ-ға кірмейтін елдерде — тәулігіне 2 миллион баррельге дейін артады. Сондай-ақ, 2025 жылы ЭЫДҰ-ға мүше елдер тұтынуды тәулігіне 0,1 миллион баррельге дейін ұлғайтады, ал ұйымға кірмейтін елдер 1,7 миллион баррельге дейін ұлғайтуы ықтимал.

Айта кету керек, 2024 жылы ОПЕК-тен тыс мұнай өндірудің негізгі өсімін АҚШ, Канада, Бразилия, Норвегия және Қазақстан елдері қамтамасыз етеді. Ал 2025 жылы АҚШ, Бразилия, Норвегия және Қазақстан мұнай өндіру бойынша көшбасшы болып қала береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу