Отырыста желтоқсан айында келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды. Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі желтоқсанда 122%-ды құрады.
Шара қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Қаңтар және ақпан айларында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота сәйкесінше тәулігіне 1,572 және 1,589 млн. баррельді құрайды.
Айта кетейік, 2022 жылғы наурыздағы міндеттемелер тәулігіне 1,605 млн. баррельді құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу