XVI Еуразиялық KAZENERGY форумында ОПЕК бас хатшысы Хайтам аль-Гайс cөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ОПЕК бас хатшысының сөзінше, қара алтын өмірлік маңызға ие.
"Мұнай мен мұнай өнімдері мүлдем жоқ әлемді ойлап көріңіздерші. Онда бүкіл көлік тоқтап, азық-түлік өндірілмейді. Денсаулық сақтау қызметтері тоқырап, экономикалық өсімнің нашарлайтыны сөзсіз. Мұны ойлап көрудің өзі мүмкін емес. Мұнай Қазақстанды қоса алғанда әлемдегі бүкіл елдің экономикасы үшін өмірлік маңызды", – деді Хайтам аль-Гайс.
Ол Қазақстанның мұнай-газ саласында үлкен әлеуетке ие екенін жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу