ОПЕК+ елдерінің қараша айындағы мұнай өндіру жоспары тәулігіне 35,45 млн баррелге тең. Қазан айында бұл көрсеткіш тәулігіне 35,24 млн баррель болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" басылымына сілтеме жасап.
Былтырдан бастап ОПЕК+ ұйымының сегіз қатысушысы мұнай өндірісін өз еркімен төмендетіп жатыр. Бірінші жартыжылдықта өндіру деңгейінің уағдаластықтардан асып кетуіне жол берген елдер үшін осы қысқартылмаған көлемдердің өтемақы кестесі қолданылады.
Қараша айында альянстың мұнай өндіру жоспарының өсуі Қазақстан үшін өтемақы деңгейінің төмендеуіне байланысты. Қазан айында ел өндірісті қосымша тәулігіне 265 мың баррельге қысқартуы тиіс болса, ал қараша айында бұл көрсеткіш – тәулігіне 32 мың баррель. Келер айда Ирак артығымен өндірген мұнай көлемін тәулігіне 100 мың баррельге (қазан айында тәулігіне 95 мың баррель болды), Ресей тәулігіне 30 мың баррельге (қазан айында тәулігіне 10 мың баррельге) өтеуге тиіс.