Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі ОПЕК+ келісіміне мүше елдердің министрлері 9 сәуірде бейнеконференция арқылы келіссөз өткізетінін хабарлады.
"Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындай отырып, әрдайым сындарлы диалогты қолдайды. Алдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенеміз. Бұл ретте, әлемдік мұнай нарығында байқалатын теңгерімсіздік тек ОПЕК+ елдерінің ғана күш-жігері жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр, қалыптасқан жағдай нарықтың барлық қатысушыларының белсенді қатысуын қажет етеді", – деп жазылған министрліктің Facebook-тегі парақшасында.
Есжан Ботақара