ОПЕК елдері мұнай экспортын бақылауға алмақ

1648

ОПЕК елдері мұнай экспортын бақылауға алмақ

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына мүше мемлекеттер қара алтын экспортын қадағалауға алмақ. Бұл туралы Сауд Арабиясындағы минералды ресурстар мен өнеркәсіп және энергетика министрі Халед Әл-Фалех ОПЕК жанындағы мониторингтік комитеттің отырысында мәлімдеді. Корольдік төрағасы айтқандай шет елдердегі мұнай сауда-саттығы туралы деректерді қатаң қадағаланатын тізімге енгізу қажет.

Халед әл-Фалех Сауд Арабиясының минералды ресурстар мен өнеркәсіп және энергетика министрі: "Мұнай нарығы қазір толқымалы кезеңді басынан кешіруде.Бұған Ливия, Нигерия, АҚШ сияқты елдердегі өндіріс көлемінің артқаны әсер етіп отыр. Біздің ойымызша биылғы жылдың 1-ші тоқсанында қара алтынға деген сұраныс тәулігіне 1,6 млн баррельге дейін артады"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу