ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін 2025 жылға дейін қысқартпақ

227

ОПЕК+ ұйымының сегіз елі мұнай өндірісін қысқарту шарасын өз еркімен ұзартуға келісті. 

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін 2025 жылға дейін қысқартпақ Фото: freepik

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының мүшелері және оның серіктестері (ОПЕК+) 2025 жылдың соңына дейін тәулігіне екі миллион баррельге дейін мұнай өндірісін қысқарту шарасын ұзартты. Аталмыш шешім Эр-Риядтағы Министрлер отырысында қабылданды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

ОПЕК-тің хабарлауынша, өндірістің жалпы көлемі күніне 39,7 миллион баррельді құрайды.

Сонымен қатар, ОПЕК+ - тің 20 елінің 8-і (Алжир, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Ресей, БАӘ, Қазақстан мен Оман) 2023 жылдың сәуірінде келісілген мұнай өндірісін 2025 жылдың соңына дейін күніне 1,65 миллион баррельге қысқарту туралы шектеуді ұзартуға шешім қабылдады. Тағы бір ерікті шектеу - 2023 жылдың қараша айынан бастап тәулігіне 2,2 миллион баррельге — осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұзартылды. Сөйтіп өндіріс мөлшері ай сайын 2025 жылдың қыркүйегіне дейін қысқарады.

2023 жылдың соңында ОПЕК-тегі мұнай квоталары төңірегіндегі қақтығыс жағдайында Ангола бұл ұйымнан шығатынын жариялағанын еске саламыз, өйткені оған мүшелік елдің ұлттық мүдделеріне сәйкес келмейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу