ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін 25%-ға көбейтеді

589

Соңғы келісім бойынша, өндіріс 2022 жылдың 1 мамырына дейін біртіндеп қалпына келеді.

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін 25%-ға көбейтеді Фото: ria.ru

ОПЕК+ елдері 2021 жылдың қаңтар айынан бастап бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 500 мың баррельге арттырады. Яғни өндірісті қысқарту мөлшері 25%-ға азаяды. 

Картель нарықтағы жағдайды сараптап барып осындай қадам жасайды. Шикізат өндіруші елдер ай сайынғы жоспарды бірлесе бекітіп отырады.Сарапшылардың айтуынша, ОПЕК+ шешімі мұнай бағасына айтарлықтай әсерін тигізеді. Сонымен қатар шикізатқа тәуелді елдердің экономикасына да ықпал етпек. 

Еске сала кетсек, 2020 жылдың сәуір айында коронавирус пандемиясы мен нарықтағы келіспеушіліктерге байланысты ОПЕК+ өндірісті қысқарту туралы шешім қабылдаған еді. Соңғы келісім бойынша, өндіріс 2022 жылдың 1 мамырына дейін біртіндеп қалпына келеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу