Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында маусым айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін қыркүйек айына тәулігіне 0.1 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Қазақстанның қыркүйек айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,710 млн баррельді құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу