ОПЕК+ елдері өндірісті қысқарту бойынша келісімді орындайды

867

Картель бір айдан кейін тағы да кездесу өткізеді.

ОПЕК+ елдері өндірісті қысқарту бойынша келісімді орындайды Фото: reuters.com

ОПЕК+ елдері әрі қарай да мұнай өндірісін қысқарту бойынша келісімнің шарттарын орындай береді. Бұл туралы картельдің кезекті отырысынан кейін белгілі болды. 

"Жиындағы талқылаулардан кейін келісімді дәл сол қалпында жүзеге асыру туралы шешімге келдік. Осыған қатысты кеңес берілді. Тараптар бір айдан кейін қайтадан кездесіп, қыс айларындағы ахуалды сөз етеді", – деді Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак.

Бұған дейін коронавирус пандемиясының екінші толқынынан кейін мұнайға деген әлемдік сұраныс азаяды деген болжамдар жарияланған еді. Қазіргі таңда сұраныстың аздығынан шикізат бағасы төмендеп жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу