ОПЕК+ елдері тамыз айында мұнай өндірісін арттыру жоспарын растады

671

Brent сұрыпты мұнай бағасы 1,71%-ға төмендеп, 114,27 доллар болды.

ОПЕК+ елдері тамыз айында мұнай өндірісін арттыру жоспарын растады

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК және оның одақтастары тамыз айында өндірісті арттыру туралы бұрын қабылданған жоспарды ұстанатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маусым айының басында өткен отырыста ОПЕК+ альянсындағы елдер шілде және тамыз айларында мұнай өндіру квотасын бір тәулікте 648 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады. Бұған дейін олар өндіріс көлемін 432 мың баррельге көбейтуге уағдаласқан болатын. Осылайша, квота қыркүйектен шілде мен тамызға ауысып, 216 мың баррельге ұлғайтылды.

Соңғы мәлімет бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 1,71%-ға төмендеп, 114,27 доллар болды. WTI фьючерстері 3,73%-ға арзандап, бір баррелінің бағасы 105,69 долларға дейін түсті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу