ОПЕК+ Қазақстан өндіретін мұнай квотасын бекітті

325

Жаңа жоспарға сәйкес, Қазақстан ақпан-наурыз айларындағы квотаны сақтап қалды.  

ОПЕК+ Қазақстан өндіретін мұнай квотасын бекітті Фото: iStockphoto

OPEC+-ке мүше елдер мұнай өндірісін әзірге арттырмайды. Яғни наурыздың аяғына дейін тізгінді тарта тұруға келісті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Өйткені, қазір нарықта мұнай көп. Қара алтынның ірі тұтынушысы Қытайдың да сұранысы бұрынғыдай емес. Ұйымға мүше елдер Венесуэладағы ахуалды есепке алып отыр. Себебі, оңтүстік америкалық ел қара алтын қоры бойынша әлемде бірінші орында. Десе де, мұнай өндіру көлемі тәулігіне небәрі 800 мың баррельді құрап отыр. Бұл әлемдік өндірістің 1 пайызы ғана.

Осылайша ОПЕК+ ұйымының 8 елі 2026 жылдың алғашқы тоқсанына арналған мұнай өндіру квотасын бірауыздан бекітті.

ОПЕК жағдай өзгерсе, мұнай өндірісін біртіндеп арттыру процесі уақытша тоқтатылуы немесе мүлдем тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті.

2026 жылдың ақпан-наурыз айларына арналған мұнай квоталары:

  • Сауд Арабиясы: тәулігіне 10,103 млн баррель;
  • Ресей: тәулігіне 9,574 млн баррель;
  • Ирак: тәулігіне 4,273 млн баррель;
  • Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ): тәулігіне 3,411 млн баррель.

Мұнай өндіру квотасы аз елдер:

  • Кувейт: тәулігіне 2,580 млн баррель;
  • Қазақстан: тәулігіне 1,569 млн баррель;
  • Алжир: тәулігіне 971 мың баррель;
  • Оман: тәулігіне 811 мың баррель.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу