ОПЕК: Қазақстан жаңа міндеттеме бойынша өндірісті жалғастырады

429

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

ОПЕК: Қазақстан жаңа міндеттеме бойынша өндірісті жалғастырады Фото: Inbusiness.kz

2023 жылғы 30 қарашада өткен ОПЕК+ 36-шы министрлік кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан және ОПЕК+ - ке мүше басқа елдер әлемдік мұнай нарығында тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтау үшін 2024 жылғы қаңтардан бастап жаңа ерікті міндеттемелер қабылдады.

Қазақстан әрқашан ОПЕК+ қатысушы елдердің бастамаларын қолдады. 2024 жылғы қаңтарда міндеттемелердің асып кетуіне қарамастан, Қазақстан келесі төрт ай ішінде артық өндірісті өтейді. Сонымен қатар 2023 жылғы 4 маусымда өткен ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде келісілген өндіру жөніндегі өз міндеттемелерін атқарады.

Сондай-ақ кейбір ОПЕК елдері мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер 2023 жылдың сәуірінде қабылдаған қосымша ерікті міндеттемелерді және одан кейінгі 2023 жылдың қарашасында қабылданған 2024 жылғы ақпан мен наурызға арналған келісімдерді орындауды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу