БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің 5-ші отырысына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. "Жиын қорытындысы бойынша, мұнай өндірісінің көлемін 6 айға шектеу туралы келісім жасалды. Келісім күші 2019 жылдың қаңтар айынан басталмақ. Бұл шешім ОПЕК-ке мүше елдердің қара алтынды өндіру көлемін тәулігіне 1,2 млн баррелге немесе әрбір ел үшін 2-ден 2,5%-ға дейін төмендетуді көздейді" делінген министрлік таратқан хабарламада.