ОПЕК елдері қаңтарда мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн баррельге – тәулігіне 32,06 млн барральге дейін азайтты, бұл уағдаластықтың 90%-ға орындалғандығын білдіреді, деп хабарлады ХЭА ай сайынғы шолуында. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.
Мәселен Саудия секілді кейбір өндірушілер мұнай өндірісін талап етілгеннен де көбірек төмендетті. Уағдаластыққа қатыспайтын Ливия мен Нигерияда өндіріс барынша төмендетілгенімен, мұнайды жер қойнауынан шығару көлемі артқан.
Жалпы алғанда ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер өндірісті тәулігіне 1,5 млн баррельге төмендетті, деп жазады ХЭА.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу