Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша өз міндетін орындап отыр

1054

2019 жылдың 8 айының қорытындылары бойынша орташа тәуліктік өндіріс 1,796 млн. т/с құрады.

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша өз міндетін орындап отыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыра отырып, орташа тәуліктік мұнай өндірісін 1,85 млн баррельге жеткізеді, деп хабарлады ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

"15 айдың қорытындысы бойынша (2019 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың наурызына дейін) мұнайдың орташа тәуліктік өндірісі тәулігіне 1,85 млн баррель деңгейінде болжанып отыр. Осылайша, Қазақстан келісім бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындауды жоспарлап отыр", - деп сендірді Энергетика министрлігі.

Министрлік Қазақстан үшін мұнай өндірісін қолдау бойынша ағымдағы міндеттемелер 1,86 миллион баррельді құрайды деп еске салды.

"2019 жылдың 8 айының қорытындылары бойынша орташа тәуліктік өндіріс 1,796 млн. т/с құрады, бұл міндеттемелерден 64 мың б/с төмен", - деп түсіндірді Энергетика министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу