ОПЕК+ келісімі елімізге тиімсіз болса, процесс қайта қаралуы мүмкін

854

ОПЕК+ келісімі елімізге тиімсіз болса, процесс қайта қаралуы мүмкін

Еліміз 2018 жылдың соңына дейін мұнай өндірісін қысқарту бойынша ОПЕК келісімін қолдау арқылы үлкен мәміле жасап отыр. Алайда Қазақстан үшін бұл үдеріс тиімсіз болған жағдайда өндірісті арттыру бойынша келіссөздер жүруі мүмкін. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астанадағы инвестиция тарту бойынша өтіп жатқан форумда осылай деді.

Қанат Бозымбаев айтқандай өткен 30-шы қарашада Венада ОПЕК келісіміне мүше және картельге кірмейтін елдер өндірісті шектеу бойынша тиісті құжатқа қол қойды. Қазіргі шикізат құны бойынша келісім жасаумен Қазақстан үлкен жағдай жасап отыр. Алайда бұл құжат Қазақстан үшін тиімсіз болған жағдайда келісім қайта қаралуы мүмкін. Себебі дәл қазір ел экономикасының басым бөлігі осы салаға тиесілі. Дегенмен алдағы 20-25 жылда мұнай өнімдері оның ішінде жанар-жағармайдың маңызы біршама төмендеуі ықтимал. Сондықтан дәл қазір төртінші мұнай өңдеу зауытын қоя тұрып, басымдықты басқа секторларға, яғни экономиканы әртараптандыруға ұмтылу керек деді министр.

Сондай-ақ, министр химия, газ саласын дамыта түсу керек деді. Жалғыз-ақ мысал электромобильдердің қазіргі күнде қарқынды дамуы. Бұл үдерісте Қазақстан аталған жобаны қолдап, қолданысқа енгізуді толығымен қолдайды. Алайда, тұтынушыларда таңдау болуы қажет деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу