ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысында қандай шешім қабылданды

472

Министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 41-ші отырысы және ОПЕК+ 29-министрлер кездесуі бейнеконференция форматында өтті.

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысында қандай шешім қабылданды

Отырыста Қазақстан атынан Энергетика Вице-министрі Әсет Мағауов қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ЭМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында сәуір айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін шілде айында тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру және артық өндіру өтемақысы кезеңін 2022 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,680 млн баррельді құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу