ОПЕК+ келісімінен кейін мұнай бағасы өсті

1752

Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 32 долларға жетті.

ОПЕК+ келісімінен кейін мұнай бағасы өсті

Төрт күнге созылған онлайн отырыстан кейін ОПЕК+ елдерінің өндірісті 9,7 млн баррельге қысқарту туралы шешімі мұнай бағасының өсуіне түрткі болды. Мұндай қысқарту бұрын-соңды тіркелмеген екен. 

CNBC соңғы дерегі бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 4,26 пайызға қымбаттап, 32,82 доллар болды. Ал WTI баррелінің бағасы 4,88 пайызға көтеріліп, 23,87 долларға жетті. 

Нақтырақ айтқанда, картель 1 мамырдан бастап маусымның соңына дейін бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 9,7 млн баррельге қысқартады. Шілдеден бастап жыл соңына дейін 7,7 млн баррельге төмендетіледі. Ал 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 2022 жылдың сәуір айына дейін өндіріс 5,8 млн баррельге қысқарады.

10 сәуірде ОПЕК+ бірқатар мәселені талқылау үшін тағы да онлайн саммит өткізбек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу