ОПЕК+ кездесуіне дейін мұнай бағасы әзірге өсуде

1001

Brent сұрыпты мұнай баррелі 61,32 доллар болды.

ОПЕК+ кездесуіне дейін мұнай бағасы әзірге өсуде

Америкалық мұнай қоры қысқарды деген мәлімет шикізат құнының сәл де болса көтерілуіне түрткі болды. Нақтырақ айтқанда, 3,72 млн баррельге азайған. Бұл қыркүйек айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қаңтарындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,8%-ға  көтеріліп, баррелі 61,32 доллар болды.

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 43 центке қымбаттап, барреліне 56,53 долларды құрады.

HI Investment & Futures Corp. сарапшысы Уилл Сунгчил Юнның айтуынша, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда шиеленісі ушықса, мұнай бағасы түсе бастайды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу