ОПЕК+ министрлік кездесуі 6 маусымда өткізіледі

766

Бұған дейін Ресей, Сауд Арабиясы елдері мұнай өндірісін қысқарту жайында Иракпен ортақ мәмілеге келген болатын. 

ОПЕК+ министрлік кездесуі 6 маусымда өткізіледі

ОПЕК секретариаты ОПЕК+ елдерінің министрлік кездесуін 6 маусымда ұйымдастырады. Ескере кететін жайт,соңғы уақытта ұйымда отырысты өткізу мерзіміне қатысты келіспеушіліктер көбейді. Бұған Ирак, Нигерия және Қазақстан елдерінің шикізат өндірісін қысқарту бойынша жоспарды толықтай орындамауы түрткі болған. Ресей мен Сауд Арабиясы келісімді тағы да бір айға ұзарту туралы ортақ шешім қабылдаған соң, қос тарап кездесуді 4 маусымға белгілеуді ұсынды. Бірақ жоспарды орындамағандарға байланысты жиын кейінге шегерілді. 

ОПЕК+ келісіміне сәйкес, альянс елдері мамыр және маусым айларында бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 9,7 млн баррельге азайтуы тиіс. Ирактың мұндағы квотасы – 1 млн баррель. Яғни бұл ел өндірісті 3,6 млн баррельге дейін төмендетуі керек. Bloomberg агенттігінің дерегінше, Ирак жоспардың тек жартысын орындаған екен. 

Еске сала кетсек, бұған дейін картель мамыр және маусым айында бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 9,7 млн баррельге, екінші жарты жылдықта 7,7 млн баррельге, 2022 жылдың сәуіріне дейін 5,8 млн баррельге қысқарту туралы шешім қабылдаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу