ОПЕК мұнай өндірісін 106 пайызға дейін қысқартты

634

 ОПЕК мұнай өндірісін 106 пайызға дейін қысқартты

Ал ОПЕК мұнай өндірісін мейлінше азайтуда. Соңғы 2 айдағы көрсеткішке сәйкес, шектеу көлемі 106%-ға жеткен. Ұйымның Бас хатшысы Мохаммед Баркиндоның айтуынша, маусым айында ОПЕК-ке мүше емес елдер тарапынан да талаптың орындалуы байқалыпты. Сондықтан қысқарту міндеттемесі ортақ келісім бойынша сақталып тұр.

Еске салсақ, 2016 жылдың желтоқсан айында ұйым әлемдік мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррельге дейін азайтуға уағдаласқан. Ал мамырдың 25-інде келісім мерзімі тағы ұзартылды. Қазір Ресей, Мексика, Әзербайжан өндірісті тәулігіне 559 мың баррельге қысқатқанын мәлімдеп отыр. Бұл санатта Қазақстан да бар. Дегенмен Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жылдық мөлшерлеменің 81 млн тонна деп межелегенімен, ішкі өндірістің одан артуы мүмкін екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу