ОПЕК мұнай өндірісін жыл соңына дейін шектеуді ұсынды

457

Қазір Лондон биржасында Brent маркалы өнім 3,2 пайызға құнсызданып, 49 доллар 48 центке саудаланып жатыр. WTI баррелі – 45 доллар 49 центке тең. Ол да 2,7 пайызға арзандады.

ОПЕК мұнай өндірісін жыл соңына дейін шектеуді ұсынды

ОПЕК әлемдік сұраныс азайған соң, мұнай өндірісін жыл соңына дейін тәулігіне 1,5 млн баррельге шектегісі келеді. Алайда, Ресей оған әлі келісім бермеді. Бұл елге нарықтан күніне жарты млн баррельді алып тастау ұсынылған, деп хабарлайды Atameken Business.

РФ Энергетика министрі Александр Новак бүгін түстен кейін сөз алады. Содан кейін нақты шешім қабылдануға тиіс. Бастапқыда картель шикізат өндіруді екінші жарты жылдыққа дейін ғана шектеуді ұсынған. Себебі жыл басынан бері 20 пайызға дейін арзандаған қара алтын баррелі бүгін тағы 50 доллардан түсіп кетті.

Қазір Лондон биржасында Brent маркалы өнім 3,2 пайызға құнсызданып, 49 доллар 48 центке саудаланып жатыр. WTI баррелі – 45 доллар 49 центке тең. Ол да 2,7 пайызға арзандады.

Сауд Арабиясы үшін Ресейдің өндіріс көлемін шектегені тиімді. Егер теріскейдегі көршіміз ымыраға келмесе, ең ірі өндіруші болғандықтан, баға түскен сайын арабтардың шығыны көбейеді. Өйткені олардың экономикасы Ресейге қарағанда мұнайға аса тәуелді.

Шикізат өндірісін азайтатын елдердің қатарында Қазақстан да бар. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев та бүгін Венадағы жиында сөз алады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу