ОПЕК+ мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн баррельге дейін ұлғайтуды ұсынды

907

ОПЕК+ мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн баррельге дейін ұлғайтуды ұсынды

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мұнай өндіруді тәулігіне 1 миллион баррельге дейін ұлғайтуды ұсынды. Бұл жайында Венада өткен жиыннан кейін Ресей Федерациясының энергетика министрі Александр Новак мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Жиынға келгендердің басым бөлігі мұндай жаңашылдықты қолдағанымен, араларында қарсылық білдіргендер де болды. Сауд Арабиясының өкілдері мұндай өзгеріс тек қағаз бетінде ғана жүзеге асатынын, ал нақты іске келгенде басқа сандар болатынын айтты. Оның ойын Ирактың мұнай министрі де қостады. Саясаткердің айтуынша, 24 сағат ішінде 1 миллион баррель көлеміндегі қара алтынды өндіруді ұйымға кіретін мемлекеттер күнделікті орындай алмайды. Осы мәселе ОПЕК-тің саммитінде талқыланатын болды. Айта кетейік, ұйымға мүше 14 мемлекеттің қолында әлемдегі мұнай қорының үштен екі бөлігі бар. Сондықтан оның шешімі бүкіл әлемнің экономикалық ахуалына әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу