ОПЕК мұнайдың әлемдік сұранысы артатынын болжады

985

ОПЕК мұнайдың әлемдік сұранысы артатынын болжады

Әлемдік мұнайға деген сұраныс 2022 жылға қарай тәулігіне 102 млн баррельге дейін жетуі мүмкін. Мұнай мәлімдемені экспорттаушы елдер ұйымы жасады.

Картельдің болжамына сәйкес, 2022 жылға дейінгі кезеңде сұраныстың орташа жылдық өсімі тәулігіне 1,2 млн баррельді құрайтын болады. ОПЕК сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада әлемдік мұнай сұранысына қатысты өз болжамдарын жақсартты. Оған сәйкес, 2040 жылға қарай мұнай өндірісі тәулігіне 111 млн баррельге жетуі мүмкін. Сонымен қатар 2035 жылдан 2040 жылға дейінгі кезеңде мұнайға сұраныстың өсу төмендейтіні болжануда. Бұған мұнай бағасының өсуі мен әлемдік жалпы ішкі өнімнің баяулауы себеп болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу