ОПЕК: мұнайдың дәуірі өтіп барады

1043

Картельге мүше мемлекеттердің алды енді шикізат өндірісін мүлдем зайтуды қарастырып отыр.

ОПЕК: мұнайдың дәуірі өтіп барады

Мұнайдың дәуірі өтіп барады! ОПЕК ұйымы осылай деп, шикізат нарығының енді бұрынғыдай қалыпта болмайтынын мойындады, деп хабарлайды Atameken Business.

Рейтерс агенттігі жүргізген сауалнама қорытындысы да жақсы емес. Респонденттердің барлығы мұнай эрасы аяқталды деп жауап берген.

Картельге мүше мемлекеттердің алды енді шикізат өндірісін мүлдем зайтуды қарастырып отыр. Басым бөлігі энергияның баламалы көзін жасауға қамданбақ. 2

019 жылы әлемдік нарықта сұраныс тәулігіне 99,7 млн баррельді құраған. 2020 жылы оның мөлшері 101 млн баррель болады деп күтілген. Алайда наурызда жағдай күрт өзгерді. Әзірге шикізаттың  тұтыну көлемі 91 млн баррель шамасында тұр. Дегенмен, 2030 жылы оның мөлшері ары асқанда 118-ге ғана жетуі мүмкін.

Қазір брент маркасы 43 доллар 7 цент болып тұр. Баға апта басында 1,5 пайызға жоғары болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу