ОПЕК+ мүшелері мұнай өндірісін тағы да қысқартуы мүмкін

1255

5-6 желтоқсанда Вена қаласында осыған қатысты кезекті отырыс өтеді.

ОПЕК+ мүшелері мұнай өндірісін тағы да қысқартуы мүмкін

Сарапшылардың пікірінше, шикізат өндірісін қысқарту туралы келісім жарты жылға дейін ұзартылады немесе ұйым мүшелері өндірілетін мұнай мөлшерін тағы да азайтады.  

5-6 желтоқсанда Вена қаласында ОПЕК+ министрлік комитеттерінің кезекті отырысы өтеді. Сонымен қатар осы күндері ОПЕК конференциясының жиыны ұйымдастырылмақ. CNBC арнасына сұхбат берген бірқатар сарапшылардың ойынша, тараптар бар болғаны келісімді ұзартуы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, ұйым қабылдаған құжат бойынша, 2020 жылдың сәуіріне дейін күніне тек 1,2 млн баррель "қара алтынды" өндіруге рұқсат берілген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу