ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнай қымбаттады

731

Ирандағы мұнай өндірісі АҚШ санкциялары алып тасталғаннан кейін бір тәулікте 6,5 миллион баррельге жетуі мүмкін.

ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнай қымбаттады Фото: reuters.com

Эталон сұрыпты мұнай бағасы 1 мамырда өтетін ОПЕК+ отырысы алдында көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,54%-ға өсіп, 69,09 доллар болды. WTI фьючерстері 0,6%-ға қымбаттап, бір баррелі 66,72 долларға саудаланып жатыр. 

1 мамырда ОПЕК+ елдерінің кезекті отырысы өтеді. Картель мұнай өндірісіне қатысты шешім қабылдайды. Bloomberg дерегіне сүйенсек, ОПЕК+ елдері шілде айынан бастап бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 840 мың баррельге арттыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдыруы мүмкін. 

Ирандағы мұнай өндірісі АҚШ санкциялары алып тасталғаннан кейін бір тәулікте 6,5 миллион баррельге жетуі мүмкін екенін Иранның мұнай министрі Бижан Зангане мәлім етті. Қазір Иран әлемдік державалармен 2015 жылғы ядролық келісімді қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. АҚШ бұл келісімнен үш жыл бұрын Дональд Трамптың билігі кезінде шығып, Вашингтон Иранның мұнай секторына қарсы санкциялар жариялаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу