ОПЕК+ отырысы жыл соңына дейін мұнайдың әлем нарығындағы жағдайын айқындайды

661

ОПЕК+ отырысы жайлы әлем елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары әртүрлі ақпарат таратып жатыр.  

ОПЕК+ отырысы жыл соңына дейін мұнайдың әлем нарығындағы жағдайын айқындайды

Іnbusiness.kz порталы осы болжамдардың бірін жасаған Arab News ақпарат көзінің шағын сараптамасын ұсынады.

"ОПЕК+ альянсының 23 мүше-мемлекетінің министрлері ең маңызды кездесулердің біріне дайындалып жатқан кезде Brent маркалы мұнай 75 доллардан сатылып жатты. Әлем пандемияның рецессиясынан шығып келе жатқаннан кейін бейсенбі күні олар сұраныстың өсіміне байланысты өндірісті арттыра ма, жоқ па – сол жағын келіседі",делінген хабарламада.

Qamar Energy консалтингті компаниясының атқарушы директоры Робин Миллстың пайымдауынша, "нарық пен болжамдар сөзсіз, ұсынысты арттыру қажеттігінен хабар береді". Әйтсе де Сауд Арабиясының энергетика министрі сұлтан Абдул Әзиз бен Салман бұл ретте абай болуды жөн деп отыр, себебі әлемдік нарықта тепе-теңдік пайда болуы мүмкін. Коронавирустың жаңа штамдары әлі де бірнеше мемлекетке қауіп төндіріп тұр.

"ОПЕК+ үш айлық келімімнен кейін жылдың қалған бөлігі үшін бірнеше сценарийді қарап отыр. Оған сәйкес, өндіріс біртіндеп артып, оның соңы тамызға келуі мүмкін. Нұсқалардың бірі – шамамен өндірісті күніне 500 мың баррельге дейін, ізінше .ш айда тағы өндірісті ретімен көбейту", – делінген хабарламада.
Ал Қазақстан өз тарапынан өндірісті арттыруға мүдделі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу