ОПЕК+ отырысынан кейін әлемдік мұнай бағасы тұрақтанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent-тің ақпан фьючерстеріндегі құны барреліне 72,06 долларды құрады. Бұл алдыңғы сауда-саттықтың жабылуына қарағанда 0,03 долларға төмен. Бейсенбі күні бұл келісімшарттар 0,22 долларға арзандап, баррель үшін 72,09 доллар болды.
WTI-дің қаңтар айындағы мұнай фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында 0,01 долларға өсті. Осылайша барреліне 68,31 доллар құрады. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша осы келісімшарттардың құны 0,24 долларға төмендеп, баррелі үшін 68,3 доллар болды.
Айта кету керек, осыған дейін ОПЕК+ мұнай өндіру туралы келісімді 2026 жылға дейін ұзартатынын жазғанбыз.