ОПЕК+ сәуірден бастап мұнай өндірісін кезеңмен арттыруға кіріседі

174

Мұндай шешім 3 наурызда Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман өкілдерінің конференц-қоңырауы барысында қабылданып, нарықтың ағымдағы жағдайы және оның перспективалары бағаланды.  

ОПЕК+ сәуірден бастап мұнай өндірісін кезеңмен арттыруға кіріседі Фото: mehrnews.com

ОПЕК+ елдері 2025 жылдың сәуір айынан бастап мұнай өндірісін кезең-кезеңмен арттыруды жоспарлағанын, бірақ нарықтық жағдай өзгерсе процесті тоқтату құқықтары бар екенін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желтоқсандағы келісімге сәйкес, ОПЕК+ бұрын қысқартылған көлемді, яғни тәулігіне 2,2 миллион баррельді нарыққа қайтаруды көздейді. Дегенмен, альянс өндірісті арттыру қарқыны икемді болып қалатынын, мұнай нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтінін атап көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу