ОПЕК + шешімі мұнай бағасына кері әсер етті

1044

ОПЕК+ келісіміне қатысушы ел министрлерінің отырысында қабылданған шешім Brent маркалы мұнай бағасын құлдыратып жіберді. 

ОПЕК + шешімі мұнай бағасына кері әсер етті

Қазір Brent мұнайының бір баррелі бұрынғыдан 6% төмен бағамен сатылып жатыр. Осыған дейінгі 74-76 доллар деген баға арманға айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ОПЕК+ келісіміне қатысқан сарапшылардың зерттеуінше, мұнай мен мұнай өніміне деген сұраныстың айтарлықтай төмендеуі мұнай нарығын теңселтіп қана қоймай, әлемге екіұдай күй кештіріп отыр. Қуат көзі құнының құлдырауы мұнай өндіру көлемін арттыруға түрткі болды. Бұл әлемдік мұнай нарығы үшін жағымды жағдай емес. 

Атап көрсетерлігі, ОПЕК+ келісімі аясында біздің ел мұнай өндіру көлемін тәулігіне 16 мың баррельге арттырады. Қазақстанның міндеттемесі тамыз айында тәулігіне 1,491 млн баррельді құрайды. Алдағы уақытта мұнай өндіру көрсеткіші ай сайын шамамен тәулігіне 16 мың баррельге ұлғаяды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу