Жалпы алғанда, 3-ші наурызға қарай төл теңгеміз 420 теңгеге дейін әлсіреген еді, деп хабарлайды Atameken Business.
Оның басты себебі – салық төлеу науқанының аяқталуы. Алайда, нарық ойыншылары Опек отырысын асыға күтті. Опектің мұнай өндірісін бұрынғы межеден асырмау туралы келісімінен кейін мұнайдың бағасы шамамен 5 пайызға қымбаттады. Мамыр фьючерстерінің бағасы қазір 67 долларға дейін көтерілді. Егер Қазақстан экономикасының мұнайға тәуелді екенін ескерсек, онда бұл жайт теңгеге де жақсы әсер етіп, екі күнде ұлттық валюта 2 теңгеге күшейді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу