ОПЕК-тің бас хатшысы Қашағанға барады

1321

Мохаммед Баркиндо Kazenergy-дің XII форумына қатысу үшін келген болатын.

ОПЕК-тің бас хатшысы Қашағанға барады

ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндо еліміздегі ірі мұнай кен орны – Қашағанға барады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Алдағы уақытта баратындарымның бірі ретінде Қашаған секілді мұнай алпауытын атап өткім келеді",– деді  Kazenergy форумында Баркиндо.

Kazenergy еуразиялық форумын Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы 2006 жылдан бері өткізіп келеді.

Айта кетсек, Қашаған – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы алғашқы теңіз мұнай-газ кен орны, сондай-ақ, елдегі ең ірі халықаралық инвестициялық жоба. Кен орнында коммерциялық өндіріс 2016 жылдың 1 қарашасында басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу