OpenAI бейсенбіде iOS платформасындағы құрылғыларға арналған ChatGPT жасанды интеллектке негізделген чатбот қосымшасын іске қосатынын жариялады, деп жазады inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
"Бүгін біз iOS үшін ChatGPT қосымшасын іске қосамыз. ChatGPT қолданбасын пайдалану тегін, ол сіздің сұрауларыңыз барлық құрылғыларда синхрондалады", - делінген компания өз сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Қолданба жақын арада тек АҚШ пайдаланушылары үшін қолжетімді болады, кейін басқа елдерде де пайда болады. Сонымен қатар, компания Android платформасында құрылғы иелері үшін ұқсас өнімді шығаратынын жариялады.
OpenAI компаниясының ChatGPT чат-боты 2022 жылдың соңында іске қосылды. Қызмет пайдаланушымен диалог режимінде өзара әрекеттеседі. Чатбот қосымша сұрақтарға жауап бере алады, қателіктерін мойындайды, дұрыс емес алғышарттарға қарсы тұра алады және орынсыз сұраулардан бас тарта алады.