Open Air концертінен кейін Астанада 60 қосымша автобус қатынайды

430

Елордада 6 шілде күні "Астана Арена" стадионында Open Air концерті өтеді. 

Open Air концертінен кейін Астанада 60 қосымша автобус қатынайды Фото: Астана әкімдігі

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін іс-шара аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қосымша 60 автобус желіге шығарылып, келесі бағыттардағы автобустар саны артады:

Қала орталығы бағытында:
№10, №26, №37, №40, №42, №49, №51, №53, №60, №67 және №501.

Әуежай бағытында:
№10, №26, №37, №40, №42, №49, №51, №53, №60, №67, №302, №303, №308, №309 және №501.

Жол ақысы қолданыстағы қалалық тариф бойынша төленеді. Жеңілдікпен және мектепке арналған жол жүру карталары бұрынғыдай қолданыла береді. Жолаушылар легі көбейетіндіктен, жол жүру жоспарын алдын ала құрған жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу