Мұндай қадам компанияның құнын қарыштап өсіретінін Fox Business-ке сілтеме жасап inbusiness.kz сайты хабарлайды.
Жапониялық инвестициялық топ егер жасанды интеллект (AI) компаниясы жыл соңына дейін коммерциялық нысанға айналаса, OpenAI-ді сәуірдің ортасында 10 миллиард доллар, желтоқсанда тағы 30 миллиард доллармен қаржыландыруға келісіп отыр.
OpenAI мәліметінше, бұл қаржыландырулар толықтай жүзеге асып, 300 миллиард доллар бөлінсе, олар әлемге танымал брендтерден де құнды болмақ. Яғни, сейсенбідегі жағдай бойынша нарықтағы құны 223 миллиард доллар мен 294 миллиард доллардан асатын қаржысы бар фаст-фуд алпауыты McDonald's пен энергетикалық компания Chevron-нан да жоғары болып кетеді.
OpenAI 40 миллиард долларды қайда жұмсайтынын да айтып берді. Аталған қаржы компанияға AI зерттеулерін жалғастыру үшін керек, сондай-ақ есептеу инфрақұрылымын кеңейтуге және ChatGPT пайдаланатын 500 миллион адам үшін қуатты құралдармен қамтамасыз етуге жаратылады.