Оппозиция Армения парламенті жанында митинг өткізбекші

1067

Бұған дейін біріккен оппозициясының өкілі мұндай акциялар Никол Пашинян отставкаға кеткенше жалғасатынын айтқан еді.

Оппозиция Армения парламенті жанында митинг өткізбекші

Ереванның орталығындағы парламент ғимаратына полиция автобустары жиналды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де парламент сессиясының ашылуы жоспарланған. Онда депутаттар елдегі жағдайды талқыламақ. Қазір оппозиция жақтастары Баграмян даңғылындағы лагерьге жиналып жатыр. Наразы топ сол жерде митинг өткізбекші. 

Бұған дейін Арменияның біріккен оппозициясының өкілі Ишхан Сагателян бұл акциялар премьер-министр Никол Пашинян отставкаға кеткенше жалғасатынын айтқан еді. 

Армения президенті Армен Саркисян Пашинянның ұсынысы бойынша Қарулы Күштердің Бас штабы басшысының бірінші орынбасары Тиран Хачатрянды жұмысынан шығарып жіберуі осындай дүмпуге әкеліп соқты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Хачатрян үкімет басшысының Искандер кешендері туралы атқан сөздерін мазақ еткен көрінеді.

Пашинян 2020 жылдың қарашасында Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойғаннан кейін, Ереванды ереуілдер шарпыды.

Еске сала кетсек, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс басталған еді. 9 қарашада Ресей президенті Владмир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев аймақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, қос тарап бітімге келген болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: euronews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу