Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,91 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 526,81 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 528,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 530,5 теңге. Еуро 543-546 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 525 теңге, сатып алу құны – 531 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 549 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07-5,20 аралығында саудаланып жатыр.