Тұран даласын мекен еткен қосмекенділер қырылып жатыр! Түркістан облысындағы табиғат жанашырлары осылай деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Экобелсенділер тасбақа, жылан, кесіртке сынды бауырымен жорғалаушылар ауырып емес адамдардың кесірінен өліп жатқанын айтады. Өңірде соңғы уақытта ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоршау үшін ор қазатындар көбейген.
Қазылған шұңқырлар қосмекенділер үшін ажал тұзағына айналды. Осыны алға тартқан, белсенділер Түркістан облысындағы қазылған шұңқырлардың бәрін бітеп, жауаптыларды жазалауды талап етіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу