Қор нарығында доллар 4 теңгеге арзандады

154

Ұлттық банктің 5 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 520,27 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,24 теңге. Еуро – 537,65.

Қор нарығында доллар 4 теңгеге арзандады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 519 теңге. Еуро 536-540 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 515 теңге, сатып алу құны – 521 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,16-5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу