Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,33 теңгеге арзандады.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 510 теңге. Еуро 566 - 572 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 514 теңге, сатып алу құны – 508 теңге. Еуро 564 теңгеден сатып алынып, 571 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,18 - 6,34 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 13 мамырға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 513,74 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,33 теңге. Еуро – 569,17.