Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,75 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 515,31 теңге.
Ұлттық банктің 6 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 515,97 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,25 теңге. Еуро – 537,80.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 517,5 теңге. Еуро 535-538 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 514 теңге, сатып алу құны – 520 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,22-5,32 аралығында саудаланып жатыр.