Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 — 506 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 501 теңге. Еуро 521 – 526 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 506 теңге, сатып алу құны – 500 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 520 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,35 – 5,47 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 18 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,17 теңгеге төмендеп, 498,40 теңге болған.