Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,56 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 523,54 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 528,5 теңге. Еуро 540–547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 525 теңге, сатып алу құны – 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95–5,10 аралығында саудаланып жатыр.