Қор нарығында доллар қайта қымбаттап жатыр

184

Ұлттық банктің 21 ақпанға ұсынған ресми бағамы  – бір долларға 499,76 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны  – 5,63 теңге. Еуро  – 521,70.

Қор нарығында доллар қайта қымбаттап жатыр Фото: УНИАН

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,53 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 502,47 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 506 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 503 теңге. Еуро 527-531 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 509 теңге, сатып алу құны – 503 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 525 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,62-5,77 аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу