Қор нарығында доллар бағасы арзандады

203

Бүгінгі доллар бағамы -  478,74 теңге.  

Қор нарығында доллар бағасы арзандады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бір теңгеге шаққанда 0,21 теңгеге төмендеп, 478,74 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 тамыздағы ресми бағамы долларға 478,91 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 478,55 теңгені, сатылымы 479,99 теңгені құрап отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,02 теңгеден сатып алынып, 481 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу