Қор нарығында доллар бірден 4 теңгеге арзандады

158

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,89 теңгеге төмендеп, 529,44 теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қор нарығында доллар бірден 4 теңгеге арзандады Фото: inbusiness.kz

Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 шілдедегі ресми бағамы долларға 533,61 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 529,55 теңге, сату – 531,49 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 527,55 теңгеден сатып алынып, 534,52 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу